«Номад» пен «Теміртау» арасындағы Қазақстан чемпионаты финалдық сериясының төртінші матчында елордалық команданың қорғаушысы Дамир Рыспаев төрешіге күш көрсетті. Кездесу «Теміртаудың» пайдасына 3:1 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, жазда Рыспаев «Барыс» сапында «Куньлунь Ред Стар» хоккейшілерімен төбелескені үшін ҚХЛ-дан шеттетілген болатын.