Америкалық боксшы Джесси Варгастың пікірінше, мексикалық Хильберто Рамирес қазақстандық Геннадий Головкинді жеңе алады.

«Зурдо бұл кездесуді қалап жүр. Бұл ол жеңіске жете алатын жекпе-жек болмақ. Мен Рамиреске сенемін, оның болашағы зор. Оның 22 сәуірдегі кездесуін жіберіп алмаңыздар. Сол кезде ол GGG-ді жеңе алатынын байқайсыздар», - деді Варгас Villainfy Media тілшісіне.