Бейбіт Шүменов Дортикоспен кездесудің болмай қалғаны үшін жанкүйерлерінен кешірім сұрады.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов (17-2, 11КО) кубалық Юниер Дортикоспен (21-0, 20КО) өтпей қалған кездесу жайлы айтты.

Олардың кездесуі 29-шы сәуірде Лас-Вегаста өтуі тиіс болатын. Алайда қазақстандық боксшы спарринг кезінде көзінен жарақат алып кездесуге шыға алмайтын болды.

«Мен жанкүйерлерімнің алдында кешірім өтінемін. Алайда спарринг кезінде көзімді жарақаттап алдым. Сейсенбі күні операция жасатуыма тура келді. Дәрігердің нұсқауымен мен кездесуді кейінге қалдырдым. Мен ешқашан қорықпаймын. 29-шы сәуірде Дортикосты накаутқа түсіруге дайындалғам. Қолдауларыңызға рахмет!», - деп жазды Шүменов өзінің Instagram парақшасында.