Ресейдің Челябі қаласының боксшысы Ирина Русских ел чемпионатына қатысу үшін салмақ өлшеу кезінде бұрымын кесіп тастады.

Бұл туралы Facebook-тің Борис Валиев есімді пайдаланушысы РФ құрамасының бапкері Иван Шидловскийге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Лента.ру. Ирина Русских салмақ өлшеу рәсімі кезінде рұқсат етілген көрсеткіштен 50 граммға асып кеткен. Жарыстан шығып қалмас үшін спортшы қыз сол жерде бұрымын кесіп тастаған. Нәтижесінде ол турнирде бес жекпе-жек өткізді, финалға дейін жетіп, күміске қол жеткізді. Бокстан Ресей чемпионаты Грозный қаласында өтті.