«Атлетико» клубының шабуылшысы Фернандо Торрес командамен келісімін ұзартқысы келетіндігін жасырмады.

«Бұл мен жауап беретін сұрақ емес. Барлығы менің «Атлетикода» қалғым келетіндігін біледі. Мен бұл клубқа деген сезімімді ешқашан жасырған емеспін. Мүмкін біздің алдымызда клуб тарихындағы ең ауыр кезең күтіп тұрған шығар. Сондықтан басқа сұрақтардың бәрі маңызды емес», – деді Торрес.

Айта кетсек, шабуылшының клубпен келісімі осы жылдың жазында аяқталады.