Оралда футболдан Қазақстан кубогы үшін «Ақжайық» пен «Ақтөбе» командалары арасындағы кездесуінде екі топқа бөлінген жастар (қос клуб фанаттары) бір-бірімен сөзге келіп, қақтығысып қалған болатын.

Желіде бұл оқиғаның бейнетаспасы да тараған болатын. БҚО ішкі істер департаментінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға орнында 15 адам ұсталып, Абай полиция бөліміне жеткізілген. Ұрып-соғу дерегі жөнінде облыстық аурухананың жарақат пункті мен Абай полиция бөліміне ешкім жүгінбеген.

Алайда болған оқиғаның мән-жайын толық тексеру, төбелеске қатысқан басқа да кісілерді анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Қазіргі кезде Орал қалалық ішкі істер басқармасына қатысты Абай полиция бөлімінің тергеу бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде.