Америкалық Келвин Гастелум USADA-ның марихуананың бар-жоғын анықтайтын допинг-тестінен өтпей қалды, деп хабарлайды UFС.

Сынамалар салмақ өлшеуге дейінгі алты сағат пен Витор Белфортпен болатын кездесуден кейінгі алты сағат аралығында алынған. UFC Келвиннің Андерсон Сильвамен өткізуі тиіс жекпе-жектің болмайтынын хабарлады. Басқа спортшымен алмастыру жайлы кейінірек айтылатын болады.