Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Анатолий Соловьев 62 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.

Отандасымыз қоссайыстың қорытындысы бойынша 281 келіні (127+154) бағындырып, барлық қарсыластарынан басым түсті. Қытайлық ауыр атлет Юньбань Вей 276 келі (126+150) көтеріп, екінші орын алса, индонезиялық Халим Сетяван 267 келі көрсеткішімен (121+146) үздік үштікті түйіндеді.

Дәл осы салмақ дәрежесінде сынға түскен тағы бір жерлесіміз Сайхан Тайсуев жарысты 17-ші (105+132) орында аяқтады.