Кәсіпқой бокстан орта салмақ дәрежесінде WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс WBA/WBC/IBF чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді қайта мазақ қылды. Бірнеше рет «Трипл Джиді» жекпе-жекке шақырған Сондерс «GGG — қорқақ Борат. Сондерспен белбеулерді біріктір» деген жазуы бар жейдені киіп шықты. Британиялық боксшының айтуынша, бұл жейдені оған жанкүйері сыйға тартыпты.

Естеріңізге сала кетсек, Сондерс әлеуметтік желіде Головкинді мазақтап, қазақстандық боксшыны жекпе-жекке шақырған болатын.