Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаевтың айтуынша, Астанадағы Головкин-Сондерс жекпе-жегі шілде айында өтеді.«Жекпе-жектің 17-ші шілдеде өтетіні белгілі болды. Головкин келісімін берді. «Астана Аренада» ұлыбританиялықпен жұдырықтасады. Сондықтан дайындалыңыздар, ақша жинаңыздар, билеттер арзан болмайды деген ойдамын. Екі аптада бәрі анық болады. Қазір кәсіби бокс бизнес болып кетті... Бірақ менің білетінім, олар «Астана-Аренаға» тапсырыс беріп жатыр. Соны көріп, 30 мың көрерменнің алдында үлкен бокс кешін өткізбекші», - деді Маржықпаев елордада өткен бүгінгі баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, британдық Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) WBO белбеуінің иегері.

Боксшының қай жеңгені абсолютті чемпион атанады.