Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан дзюзодан әлемдік Гран-при турнирінде Әзиз Қалқаманұлы қола жүлдегер атанды.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, отандасымыз Қалқаманұлы ел намысын абыроймен қорғап, Қазақстан қоржынына екінші жүлдені салды.

81 келіде сынға түскен ол жарысқа екінші айналымда қосылды. Ол бірінші белдесуде АлексейНефедовті жеңгенімен, ирандық Моллой Сейдтен аса алмады. Жұбаныш белдесуінде жарыс иесі Георги Папинашвилимен күш сынасыпп, жүлдеге бір табан жақындады. Үшінші орын үшін белдесуінде Ресей балуаны Денис Калининді иппонмен жеңіп, турнирдің қола жүлдегері атанды.

Еске салайық, бұған дейін 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Жансай Смағұлов та қола медальға қол жеткізген болатын.