Әйгілі ресейлік бапкер Татьяна Тарасова Денис Теннің қысқа бағдарламасы жайлы пікірін білдірді. - Денис тулупты орындаған сәтте тепе-теңдікті жоғалтты. Екінші айналымдағы аксельден мұзға түсер алдында да қателік жіберді. Денис – мәнерлеп сырғанаудың шебері. Оның жолы да қолайлы болды. Мен оны жастайынан білемін және оның жанкүйерімін. Денис Елена Буянованың шәкірті (Водорезова). Біз оның Лос-Анджелестегі төрттік тулуп секірген алғашқы әлем чемпионатында болдық. Кейін ол АҚШ-қа көшіп Фрэнк Кэрроллмен жаттыққан. Содан бері Николай Морзовпен жұмыс істеуде. Әлем чемпионатында әр-түрлі төрешілер жұмыс атқарады. Біреулер «сүйікті» болып оң бағасын алады, ал кейбіреулері жоқ. Тен тепе-теңдікті жоғалтты, бірақ оның ұпайын көтермеледі. Кеше Аня (Анна Погорилая) тепе-теңдік жоғалтпай секірді, ал төрешілер оған жоғары баға бермеді. Денис Тен бабында екен. Салмағы да жеңілдеген сияқты, - деді Тарасова. Айта кетейік, Денис Тен қысқа бағдарламасы үшін 90.18 ұпай жинап, 9-шы орында тұрақтады. Денис Теннің қысқы бағдарламасының видеосын мына сілтемеден тамашаласаңыз болады.