русский язык
Қысқы

Тарасова: Төрешілер Теннің ұпайын көтермелеп қойды

Тарасова: Төрешілер Теннің ұпайын көтермелеп қойды
news-banner7
mobile-news-top

Әйгілі ресейлік бапкер Татьяна Тарасова Денис Теннің қысқа бағдарламасы жайлы пікірін білдірді.

- Денис тулупты орындаған сәтте тепе-теңдікті жоғалтты. Екінші айналымдағы аксельден мұзға түсер алдында да қателік жіберді. Денис – мәнерлеп сырғанаудың шебері. Оның жолы да қолайлы болды. Мен оны жастайынан білемін және оның жанкүйерімін. Денис Елена Буянованың шәкірті (Водорезова). Біз оның Лос-Анджелестегі төрттік тулуп секірген алғашқы әлем чемпионатында болдық. Кейін ол АҚШ-қа көшіп Фрэнк Кэрроллмен жаттыққан. Содан бері Николай Морзовпен жұмыс істеуде. Әлем чемпионатында әр-түрлі төрешілер жұмыс атқарады. Біреулер «сүйікті» болып оң бағасын алады, ал кейбіреулері жоқ. Тен тепе-теңдікті жоғалтты, бірақ оның ұпайын көтермеледі. Кеше Аня (Анна Погорилая) тепе-теңдік жоғалтпай секірді, ал төрешілер оған жоғары баға бермеді. Денис Тен бабында екен. Салмағы да жеңілдеген сияқты, - деді Тарасова.

Айта кетейік, Денис Тен қысқа бағдарламасы үшін 90.18 ұпай жинап, 9-шы орында тұрақтады.

Денис Теннің қысқы бағдарламасының видеосын мына сілтемеден тамашаласаңыз болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;