Бокс паштасы Мұхаммед Әлидің қызы Лейла Әли өзінің Instagram-дағы парақшасының басты суретіне Азияның үздік әншісі Димаш Құдайбергеновтың суретін қойған.

Айта кететін жайт, Лейла кіші Флойд Мейвезермен бірге тамызда Астанада өтетін 55-ші WBC (Бүкіләлемдің бокс кеңесі) конвенциясына құрметті қонақ ретінде шақырылғаны белгілі болды.

Лейла Амария Әли — жеңіліп көрмеген кәсіби боксшы. Мұхаммед Әлидің үшінші әйелі Вероника Поршеден туған қызы. Кәсіби бокста 24 кездесу өткізіп бәрінде жеңіске жеткен. Ол IBA, WIBA және IWBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы.