Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс Геннадий Головкинмен жұдырықтасу үшін Қазақстанға баруға дайын екенін тағы да айтты.

«Ол Қазақстанда жұдырықтасқысы келеді, себебі бұл оның арманы. Мен Қазақстанға барсам, рингке шықпай жатып алғашқы екі раунд жеңіліп қалатынымды білемін.

Мен сол жаққа барып, бәске бәрін, тіпті, өзімнің чемпиондық титулымды қоюға дайынмын. Ол жаман жігіт емес, бірақ бұл жәй ғана бизнес. Біздің кездесуіміз тарихқа енуі ықтимал және оны жеңу үшін менде қажеттінің бәрі бар деп сенемін. Жекпе-жегіміз өту үшін Головкинге қалағынының барлығын беруге дайынмын», - деді Сондерс.

Айта кетейік, Головкин – Сондерс жекпе-жегі маусымда Астанада өтеді деп күтілуде. Головкинге орта салмақтағы барлық белбеуді алу үшін Билли Джо Сондерсті жеңіп, британиялыққа тиесілі WBO титулын алу қажет.