Қазақстандық боксшы Руслан Мадиев 6-шы сәуір күні АҚШ-тың Коста-Меса қаласында шаршы алаңға қайта оралады.

Жерлесіміз 28 жастағы америкалық былғары қолғап шебері Рикардо Мальдонадомен күш сынасады. Алты раундтық кездесу жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді. Естеріңізге сала кетсек, Руслан бұған дейін кәсіпқой бокста 8 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен болатын.