Сауль Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя Флойд Мэйвезер мен Конор МакГрегор арасындағы жекпе-жек ұйымдастырылмайтынын айтты.

«Әрине, қос спортшы үшін бұл кездесу өте табысты болмақ. Бірақ UFC өзінің басты жұлдызын Мэйвезерге қарсы қойып, тәуекелге бармайды деп ойлаймын. Сондықтан бұл жекпе-жек мүмкін емес», - деді Оскар де ла Хойя.