«Манчестер Юнайтед» командасы жазғы трансфер кезінде «Барселона» шабуылшысы Неймарды қатарларына қосу үшін қыруар ақша жұмсауға дайын.

Ағылшындық басылымдардың хабарлауынша, бразилиялық ойыншы үшін «Манчестер Юнайтед» командасы 200 миллион еуро төлеуге дайын. Сондай ақ Неймарды ПСЖ командасы да назарда ұстап отыр.

Естеріңізге салсақ, футбол тарихындағы ең қымбат ойыншы дәл осы «Манчестер Юнайтед» командасында ойнайды. Былтыр жазда Поль Погба үшін ағылшындық команда 120 млн еуро төлеген болатын.