«Оренбург» клубының шабуылшысы Самат Сарсенов алматылық «Қайрат» ойыншысы атанды, деп хабарлайды қазақстандық клубтың ресми сайты.

20 жасар шабуылшы Новотроицк қаласында дүниеге келген. Оның алғашқы командасы жергілікті «Носта» ұжымы болды. Кейін ол «Оренбург» қатарына қосылды. Биылғы маусымда ол бірінші лигадағы «Кайрат А» құрамында ойнайтын болады.