Қазақстан құрамасының футболшы қыздары «Кубалық көктем» халықаралық турнирінде соңғы орын алды.

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі құрамасы Краснодар аймағынан келген құрдастарына жол берді – 0:3.

Осылайша, Петр Пак командасы турнирде 8-ші орын алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұл турнирде Словения, Иран, Румыния және екі рет Краснодар аймағымен ойнап, бес матчта да жеңіліп қалды.