«Портудың» қақпашысы Икер Касильяске франциялық «Марсель» қызығып жатыр.

Былтыр БАҚ француз клубының испан қақпашысына қызыққанын хабарлаған еді. Бірақ сол кезде нақты келіссөз болған жоқ.

Енді «Марсель» Касильясқа екі маусымға келісім-шарт ұсынған. «Порту» Икермен еңбек келісімін ұзартпағанын ескерсек, Касильяс жазда «Марсельге» ауысуы ықтимал.