Футболдан Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің рекорды жайлы айтып берді.

- Қанша гол соққанымды жақсы білемін. Бірақ маған маңыздысы - команданың жеңісі. Венгрияға қарсы жақсы ойын өткіздік, ары қарай да осылай жалғастырамыз деген ойдамын, - деді Роналду.

Естеріңізге сала кетсек, Криштиану Роналду кеше Португалия сапында 70-ші голын соғып, рекорд орнатты.