«Наполи» қорғаушысы Калиду Кулибалидің агенті Бруно Сатин клиентінің ешқандай клубқа ауыспайтындығын хабарлады.

Ойыншыға «Челси» қызығушылық танытуда. Лондондық клуб Кулибали үшін 55 млн еуро төлеуге дайын.

«Біз «Наполимен» келісім шартты 2021-ші жылға дейін создық. Сондықтан Кулибали ешқайда кетпейді»,- дейді Бруно Сатин.