«Бавария» ойыншысы Дуглас Костаны тізе жарақаты мазалауда.

Қазіргі таңда ойыншыға ота жасау керек па, жоқ па деген сұрақ тұр. Дәрігерлер ота жасату керектігін айтуда. Ота жасалған жағдайда ойыншы маусым соңына дейін командасына көмектесе алмайды.

Жарақатына байланысты ойыншы Бразилия құрамасының жақын күндері Уругвай және Парагвай құрамаларымен болатын ойынына қатыса алмайды.

Биылғы маусымда Дуглас Коста барлық турнирлерде 27 ойынға қатысып жеті гол, тоғыз голдық пас берген.