Лондондық «Челси» ойыншысы Эден Азар футбол төңірегінде бірнеше ойымен бөлісті.

«Менің футболдағы үздіктерім - Зинедин Зидан, Хуан Роман Рикельме, Робиньо, Роналдиньо және Тьерри Анри.

Үздік болғым келеді. Футболды ләззат алу үшін ойнаймын. Қолдан келіп жатса үздік атанармын. Қолдан келмесе еш оқасы жоқ. Месси немес Роналду сияқты болғым келмейді. Мен өзіндік соқпағымды салғым келеді.

«Лиллде» мен көп нәрсе үйрендім. Мен үшін бәрі сол жақта басталды. Мен ол командаға 14 жасымда келіп, жеті маусым доп тептім. Жеңіске жетіп, чемпиондар лигасында ойнадым. Басымнан көптеген естен кетпес сәттерді өткіздім.

Капитан болған маған комегін тигізеді. Алайда мен екінші Джон Терри болмаймын. Капитан үшін мен тым аз сөйлеймін.

Мүмкін 3-5-2 схемасы маған өз ойынымды табуға көмектескен болар. Біз бұл тактиканы Бельгия құрамасымен байқап көргенбіз. Ал қазір «Челси» осы схемамен ойнайды», - деген Азардың ойларын УЕФА-ның ресми сайты келтіреді.