Бұрынғы Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев фейсбуктегі парақшасында Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобстың жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Baq.kz жазды.

Головкиннің америкалық қарсыласын мерзімінен бұрын сұлататынын күткен қазақстандықтардың бұл жолғы жекпе-жекке көңілі толмауы экс-депутаттың ашуына тиген сыңайлы.

«Білгіштер үшін: бокс – бұл да өнер, өзіндік тактикасы бар. Геннадий жұртты нокауттарымен тым еркелетіп жібергендей әсер қалдырады. Неге әр нәрсеге көңілдеріңіз толмай жүреді? Біріншіден, Джейкобс – әлем чемпионы, ұрып жығатын бала емес. Екіншіден, елестетіп көріңіздерші, сіздерге 15 милллион халқы бар мегаполиске бір жігіт келіп (мейлі ол чемпион болсын), көз алдарыңызда сіздің кумиріңізді ұрып-соғады. Иә, жекпе-жек оңайға соққан жоқ, алайда ол Геннадийдің қарсыласы жекпе-жек кезінде үнемі қашып жүргендіктен қиын болды ( Сәпиевтің Бейжің Олимпиадасындағы жекпе-жегін естеріңізге түсіріңіздер, оның қарсыласы да рингті айнала жүгіріп жүрген еді). Осы туралы ойланып көрдіңіздер ме?», - деп жазды экс-депутат.