Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер британиялық Билли Джо Сондерске қарсы кездесу Астанадан басқа қай қалада өтуі мүмкін екенін айтты.

«Жекпе-жекті Қазақстанда өткізе алмасақ, Лондонда ұйымдастыруға болады. Головкин мен Келл Бруктың «О2 Аренадағы» жекпе-жегіне билеттерді 11 минутта сатып жібергенімізді ұмытпаңыздар», - деді Леффлер.