Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Мен боксшымын – бұл менің жұмысым. Кіммен болса да жұдырықтасуға дайынмын. Менің арманым – орта салмақтағы барлық белбеуді жинау. Соңғы қадам қалды – Билли Джо Сондерспен кездесу. Жекпе-жекті Қазақстанда өткізе аламыз деп үміттенемін. Келесі жекпе-жегіме осы кездесуді қалаймын, жүз пайыз», - деді Головкин.

Естеріңізге сала кетсек, Головкинге орта салмақтағы барлық белбеуді алу үшін Билли Джо Сондерсті жеңіп, британиялыққа тиесілі WBO титулын алу қажет. Бұған дейін бұл жекпе-жек EXPO халықаралық көрмесіне орай Астанада маусым айында өтеді деп хабарланған болатын.