Кеше қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық Дэниэл Джейкобсты жеңіп, чемпиондық титулдарын қорғап қалған болатын.

GGG қарсыласын төрешілер шешімімен жеңді. Әлеуметтік желілерде бұл шешімге қатысты түрлі пікірлер жазып жатыр. Назарларыңызға осы кездесу жайлы жазылған қызықты пікірлерді ұсынамыз.

«Джейкобстың түрі «Хитч» фильмінде аллергиялық реакциядан кейінгі Уилл Смитке ұқсап қалды» - JaveeJav

«GGG-дің қатты ұрғаны соншалық, оның құлағы ұшып кете жаздады» - Timothy v/d Zanden

«Дәл қазір «Канело» GGG-ге осылай қарап отыр» - onlyfullfights

«Головкиннің жеңісіне күмәнданатындар бар ма? Алдымен, соққылар статистикасын қараңдар» - Lambert

«Головкинге тиген әр соққы сенің жүрегіңе жасалғандай болып тұрады. Біздің чемпионды осылай жақсы көреміз» - Ner поFUCKтам

«GGG – реванш беруге дайын нағыз чемпион. Ол ешкімнен қашпайды» - UFC спортшысы Дерек Брансон

«GGG-ді құттықтаймын. Ал Джейкобсқа үлкен құрмет білдіремін» - актриса Роза Перес.

«GGG-дің қазіргі жағдайы 1988 жылғы Тойсон секілді. Басқа боксшыларды соққының астына алғанымен, нокаутқа түсіре алмаса, аспан айналып, жерге түседі» - америкалық журналист Винни Джиганте.

«Барлық белбеуім. Келесі кім?» - Геннадий Головкин.