Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер GGG-дің америкалық Дэниэл Джейкобсты жеңгені жайлы пікірін айтты.

«Головкин бәрін нокаутқа түсіре бере алмайды. Ол он екі раунд өткізіп, Джейкобсты нокдаунға түсірді, сондықтан ол әдеттегіден жаман өнер көрсетті деп айта алмаймын. Ол өз машығын жоғалтып алды деуге болмайды. Джейкобс сияқты боксшыны төрешілер шешімімен жеңсең – бұл жақсы», - деді Леффлер.