Alash Pride FC ұйымының ресми сайтына сүйенсек, 1-ші сәуір күні Алматыдағы Балуан Шолақ спорт кешенінде ММА-ден халықаралық «АЛАШ АЙБАРЫ» турнирі өтеді.

Аталмыш жарысқа Қазақстан, Бразилия, Грекия, Ресей, Беларусь, Украина, Әзірбайжан және Қырғызстан елдерінің спортшылары қатысады.

Ережесіз жекпе-жектен бұл турнирді «Хабар» (Қазақстан) және «Боец» (Ресей) телеарналары көрсетеді.

Жарыс алдындағы салмақ өлшеу рәсімі наурыздың 31-і, сағат 11:00-де «Mega Park Almaty» ойын-сауық кешенінде өтеді.

Турнирге қатысатын спортшылар:

(56 кг): Бақтияр «Түрікпен» Несіпбек - Фарид Бабазаде (Әзірбайжан).

(56 кг): Асу «Зульфикар» Алмабаев – Мехман Мамедов (Әзірбайжан).

(56 кг): Шыңғыс «Шах қазақ» Қайранов – Алексей «Арис» Наумов (Украина).

(61 кг): Ильяр «Динамит» Асханов – Жасұлан «Аққойлы» Қарақұлов – финал.

(66 кг): Мурат «Көкпар» Бақторазов - Қанат «Степной орел» Құламағамбетов.

(66 кг): Игорь «Золотой тигр» Жирков - Ратмир Теуважуков (Ресей).

(66 кг): Ержан «Арлан» Естанов – Сергей Синкеевич (Белорусь).

(70 кг): Сүлейман «Великолепный» Исаев - Klaudio Vecani (Грекия).

(70 кг): Ерлан «Арыстан» Тілеумбетов – Jose Eudes Tavares (Бразилия).

73 кг – Жандос «Қасқыр» Исабеков – Бек «Пан» Абылда (Қырғызстан).

(93 кг): Евгений «Метис» Егембердиев – Иван Лукин (Ресей).

(+93 кг): Асылжан «Сақ» Бақытжанұлы – Алексей «Вышибала» Кисер (Ресей).