Италияда өтіп жатқан Viareggio Cup турнирінде «Зениттің» жастар құрамында ойнап жатқан Еркебұлан Сейдахмет покер жасады.

Топтық кезеңнің үшінші ойынында «Зенит» Америка Құрама Штатының «Атлетик Юнион» командасымен жолықты.

Кездесуде ресейлік команда 8:0 есебімен жеңіске жетті.

«Зенитпен» бірге Италияға аттанған Еркебұлан Сейдахмет осы ойында төрт гол соқты. Покер жасау үшін қазақ баласына небары 35 минут қажет болған.

Viareggio Cup

«Зенит» - «Атлетик Юнион» 8:0

Голдар: Еркебұлан Сейдахмет 4, 14, 17, 35 Александр Еловских 35, Кирилл Макеев 56, 83,

Кирилл Капленко 72