«Оқжетпес» жартылай қорғаушысы Игорь Юрин Серік Жейлітбаев атындағы марапатқа ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталмыш сыйлық 2014-ші жылы тағайындалған. Ол Қазақстан чемпионатында көп ойын өткізген футболшыға беріледі.

Айта кетейік, бұған дейін бұл марапатқа Нұрбол Жұмасқалиев, Самат Смақов және Қайрат Әшірбеков сияқты ойыншылар ие болған.