Италия төрешілер ассоциациясының басшысы Марчелло Никки «Ювентус» - «Милан» матчында қойылған пенальтиді қате деп тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Premium Sport ақпаратына сүйенсек, төрешілерді жұмысынан шеттетпейді. Тек қызмет бабын төмендетіп, айыппұл жазады. Нәтижесінде Давиде Масса мен Даниэле Довери А сериясының алдағы матчтарында бас төреші емес, көмекші ретінде ғана жұмыс істей алады.

Естеріңізге сала кетейін, туриндік клуб 95-ші минутта қойылған пенальтидің арқасында жеңіске жеткен болатын.