«Атырау» ҚПЛ-дың 3-туры аясында өз алаңында «Ертісті» қабылдады.

Бірінші таймды екі команда бәсең бастады десек болар. Айтарлықтай қауіпті шабуыл бола қойған жоқ. Тек Хайруллин орындаған бұрыштама добы кезінде Маров қауіпті соққы бағыттаған еді. Бірақ, Давид Лория өз қақпасын голдан аман сақтап қалды. Бірінші кезеңде есеп ашылмады.

Екінші таймда командалар ойынды өз жағына аударуға тырысты. Қонақтар сапынан Родриго бірнеше мәрте шабуыл шебінде белсенділік танытып, қорғаушыларды әбігерге түсірді. Дәл осы Антонио Родриго 86-шы минутта есеп ашып, матчтағы жалғыз голды соқты. Қорытынды есеп - 0:1. Керекуліктер үш ұпай алды.

ҚПЛ. 3-тур. Атырау

«Атырау» - «Ертіс» - 0:1

Гол: Родриго 86

«Атырау»: Пасеченко, Джокич, Двалишвили, Лобжанидзе, Саломов, Обшивац, Кайраллиев, Коробов, Маров, Хайруллин, Чичулин.
«Ертіс»: Лория, Фонсека, Бандо, Живокович, Родриго, Ткачук, Двали, Гетериев, Есимов, Воротников, Дарабаев.