ҚПЛ үшінші тур аясында ақтөбелік клуб шымкенттік команданы өз алаңында қабылдады.

Тартысқа толы кездесуде шымкенттік команда ойынның алғашқы минуттарында басымдығын айқындап, 7-ші минутта есепті ашты. Голдың авторы Танат Нөсербаев. Біртіндеп командалардың жылдамдығы үдеп, үзіліске дейін есеп өзгеріссіз қалды.

Екінші таймда ақтөбелік команда қарқынын күшейтіп, жеңіске жетуге барын салды. Кейде командалар дөрекі ойнап, сары қағаз алып жатты. Нәтижесінде шыдамы сыр берген ақтөбелік футболшы Диас екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.

Өкінішке қарай, ойындағы есеп өзгермей, шымкенттік клуб әділетті түрде жеңіске жетті.

ҚПЛ 3-ші тур. Ақтөбе қаласының «Орталық стадионы»

«Ақтөбе» - «Ордабасы» 0:1

«Ақтөбе»: Отарбаев, Диас, Боргес, Воловик, Гуйе, Айтбаев (Мамуте 64), Аслан, Байтана (Ермаченко 73), Зенькович, Какімов, Шестаков.

«Ордабасы»: Бекбаев, Диакате, Марцваладзе, Бочаров, Ковальчук, Фонтанелло, Нөсербаев (Бөлешов 87), Нұрғалиев (Бейсенов 82), Ерланов, Толебек, Қожабаев.

Голдар: Нөсербаев (7)

Ескертулер: Диас (10), Аслан (17), Воловик(90), Зенкович(90) - Нөсербаев (54), Диакате (82), Ковальчук (82), Нұрғалиев (82)

Қызыл қағаз: Диас