Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде Ақмола облыстық ІІД басшысының орынбасары Ербол Жүсіпов мəлім етті, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі. Еске салайық, осыған дейін танымал спортшы пауэрлифтингтен әлем чемпионы Евгений Галузинскийдің бұзақылардың қолынан қаза болғаны туралы ақпарат жариялаған болатынбыз. Евгений Галузинский пауэрлифтингтен балғындар арасында əлем чемпионы, жастар арасында əлем чемпионатының жүлдегері, ҚР бірнеше дүркін чемпионы. 2009 жылы Бразилияда пауэрлифтингтен IPF нұсқасы бойынша төрт мəрте əлем рекордтын жаңартты. Марқұмның артында əйелі мен 1,5 жастағы қызы қалды.
Басқа
17.03.2017 21:30
Қаза болған спортшының өзі қылмыскер болған
Ұсынамыз
Комментарии