Қазақстандық Геннадий Головкиннің бас жаттықтырушысы Абель Сачес егер Сауль «Канело» Альварес GGG-ге қарсы жекпе-жекке шықпаса, оған еш өкінбейтінін айтты.

«Бұл жекпе-жектің бизнес екені анық. Олар Головкинмен кездескісі келмейді. Бірақ біз басқа боксшылармен де жекпе-жек ұйымдастыра аламыз. Бізге Канело керек емес. Ол өзін ойлап, ары қарай да өтірік орта салмақтың боксшы ретінде жүре беруіне болады. Ал біз өз ісімізді жалғастырамыз. Жанкүйерлер бұл бокс кешін асыға күтеді деп ойлаймын. Егер Головинмен кезіксе, Альварес пен Оскар нокаут алатынын біледі. », — деді Санчес Fighthub басылымына берген сұхбатында.