Абель Санчес шәкірті Головкинның 160 фунт тартқанын айтты.

«Кеше таңғы асқа дейін оның салмағы 160 фунт болды. Бұл оның соңғы 6-7 кездесуінің алдындағы нәтижелермен бірдей. Ештеңе өзгермеді. Мен оны дұрыс дайындағаныма сенемін.

Джейкобс жеңіл тартып, бізден алыс жүреді деп үміттенемін. Себебі, егер ол жеңіл болса, бізге қиындық тудырады. Ал егер ол шамадан тыс ауыр салмақ жинаса, бұл өзіне қарсы жұмыс істемек», - деді Санчес.