«Боруссияның» жартылай қорғаушысы Марио Гетце жарақатына байланысты биыл командасына көмектесе алмайды.

Дортмундық клубтың ресми сайтына сүйенсек, Гетце тек жазда ғана жаттығу жұмыстарына қайта оралады.

Естеріңізге сала кетсек, Марио биылғы маусымда 16 кездесуге қатысып, 2 гол соққан болатын.

Соңғы рет германиялық футболшы жасыл алаңға қаңтар айында шыққан еді.