«Ақтөбеге» ауысуға жақын болған ивуарлық ойыншы Седрик Гогуа латвиялық «Ригаға» ауысты. MozzartSport басылымының мәліметтеріне сүйенсек, белградтық «Партизанмен» келісімі аяқталған соң Гогуа өзіне жаңа команда таба алмай жүрген. Енді белгілі болғандай, «Ақтөбемен» келісімге келе алмаған ивуарлық қорғаушы латвиялық «Ригамен» келісімшартқа отырды.