ҚФФ баспасөз қызметінің басшысы Оксана Лоскутова бір ай ғана жұмыс істеп, өз еркімен қызметінен кетті.

Бұл жайлы Оксана Лоскутованың өзі фейсбуктегі ресми парақшасында жариялады. Оның қызметтен кетуіне басшының еңбек құқығын ұстанбауы себеп болған. Атап айтқанда, субординация сақтамауы, қызметтік әдепті ұстанбауы, балағаттауы және себепсіз тиісуі түрткі болған.

«Менің қызметтен кетуіме байланысты көп сұрақтар туындапты. Ол жайлы өзім айтып бергенді жөн көрдім. Ия, мен ҚФФ бір ай ғана істеп қызметімнен кеттім. Бұлай істеймін деп ойламаппын! Мен сенімді бағалап, жаңа ұжымда дұрыс қарым-қатынасты құрап, іскерлік беделімді алдыға қойып үйренген адаммын. Алайда, өзімнің атаммен жасты еркектің істеген қылығын күтпеген едім. Ол жұмыста субординация сақтамады, қызметтік әдепті ұстанбады, балағаттап, себепсіз тиісе берді. ҚФФ көптеген нәрсе түсініксіз және ол жайлы тіс жаруға һақым бар. Кімнің кім екенінде шаруам жоқ, бірақ ресми сұраныс пен қызметтік міндеттеріңді адал атқарғаның үшін «басың» кетеді деп ойламаппын. Айта кететіні, ол ашық қолдануға болмайтын былапыт түрде айтылды. Еске алудың өзі жағымсыз. Алайда, өзінің орыны мен билігі үшін қорқатын адамдар бар екен. Мойындаймын, меннен бәрін ұмытып кетуімді сұрады. Ал біз журналисттер ондай халық еемеспіз! Абырой - лауазымды қызмет, жоғары жалақы мен әлеуметтік мәретебеңнен жоғары. Оған қоса сол мәртебең тек сыртқы, ал шын мәнінде қарым-қатынас «мен қожайын - сен құл» болса. Қазақ даласында құлдық еш қашан болмаған және оны біреу жандандыра алмайды деген үміттемін. Міне барлығы осы!», - деді Оксана.