Стамбулде өткен «Яшар Догу» халықаралық турнирінде қазақстандық қыздар 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Осы жылы әйелдер күресі аталмыш жарыста алғаш рет енгізілді. Жарыстың алғашқы күні қазақстандықтар екі қола медаль алған. Ирина Борисова 48 келіде үшінші сатыға табан тіресе, 69 келіде Жәмила Бақбергенова қола медальды мойнына тақты.Турнирдың екінші күні қыздарымыз 2 күміс және 2 қола медаль еншіледі. Екінші орында Аяулым Қасымова (60 келі) және Гүлмарал Еркебаева (75 келі) алса, Жұлдыз Эшимова (53 келі) және Алтынай Сатылған (60 келі) үшінші орынды қанағат тұтты.