Астаналық «Барыс» командасының шабуылшысы Роман Старченко shaiba.kz сайтына берген сұхбатында «Металлургке» қарсы екінші кездесудегі жеңілістің себебі мен алдағы ойындар жайлы айтты.

- Бүгінгі жеңіліс жайлы айтсаңыз?

- Овертаймда қателестік. Қарсы шабуыл кезінде ұстап алды. Алыста тұрған ойыншыдан көз жазып қалдық.

- Ойыннан қуылу жағдайы көп болды, қобалжу болды ма?

- Жоқ, қобалжу болған жоқ.

- Жеңіске жеткілеріңіз келгені соншалық, алты ойыншы болып шабуылдадыңыздар?

- Дұрыс ауыса алмадық, аздаған түсініспеушілік болды.

- Алдыңғы ойында неліктен шайба соға алмадыңыздар?

- Соққылар аз болды. Қақпашыға көп кедергі келтіре алмадық. Олардың қақпашылары өте мықты. Алыс соққылардың бәрін көріп тұрады, шайба соғу өте қиын.

- Жанкүйерлердің қолдауы күш берді ме?

- Әрине. Оларға келгендері үшін үлкен рахмет.

- Брэндон Боченски жайлы хабар бар ма?

- Әзірге ештеңе айта алмаймын

- Оның оралуымен ойын жақсара ма?

- Әрине. Ол біздің капитан, команданың көшбасшысы. Біз үшін ол үлкен көмек болары анық.

- Неліктен командада плей-офф кезінде ешкім сақалын қоя бермейді?

- Біреулер өсіреді, біреулері қырып тастайды. Бұған көңіл бөлудің қажеті жоқ. Сақал өсіргеннен жақсы ойнап кетпейсің. Сақалың барма жоқ па аса қатты айырмашылық жоқ.

- Көптеген мамандар «Барысты» сәтсіз ойнайды деді. Осыған қаншалықты көңіл бөлесіздер?

- Бұған қатты көңіл бөлудің қажеті жоқ.

- Өз алаңдарыңыздағы кездесулер алдында көңіл күйлеріңіз қалай? «Магниткаға» қалай қарсы тұрасыздар?

- Қазір елге ораламыз. Видео қараймыз. Ойынды талдаймыз. Бапкер бізге ары қарай қалай ойнау керектігін айтады. Жанкүйерлердің қолдауы болса басқа ойын болады.

- Жанкүйерлер қолдауы болды емес пе?

- Бізді он мың жанкүйер қолдайды. Тек жеңіске ойнаймыз.