Роман Старченко: Сақал өсіргеннен жақсы ойнап кетпейсің
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызАстаналық «Барыс» командасының шабуылшысы Роман Старченко shaiba.kz сайтына берген сұхбатында «Металлургке» қарсы екінші кездесудегі жеңілістің себебі мен алдағы ойындар жайлы айтты.
- Бүгінгі жеңіліс жайлы айтсаңыз?
- Овертаймда қателестік. Қарсы шабуыл кезінде ұстап алды. Алыста тұрған ойыншыдан көз жазып қалдық.
- Ойыннан қуылу жағдайы көп болды, қобалжу болды ма?
- Жоқ, қобалжу болған жоқ.
- Жеңіске жеткілеріңіз келгені соншалық, алты ойыншы болып шабуылдадыңыздар?
- Дұрыс ауыса алмадық, аздаған түсініспеушілік болды.
- Алдыңғы ойында неліктен шайба соға алмадыңыздар?
- Соққылар аз болды. Қақпашыға көп кедергі келтіре алмадық. Олардың қақпашылары өте мықты. Алыс соққылардың бәрін көріп тұрады, шайба соғу өте қиын.
- Жанкүйерлердің қолдауы күш берді ме?
- Әрине. Оларға келгендері үшін үлкен рахмет.
- Брэндон Боченски жайлы хабар бар ма?
- Әзірге ештеңе айта алмаймын
- Оның оралуымен ойын жақсара ма?
- Әрине. Ол біздің капитан, команданың көшбасшысы. Біз үшін ол үлкен көмек болары анық.
- Неліктен командада плей-офф кезінде ешкім сақалын қоя бермейді?
- Біреулер өсіреді, біреулері қырып тастайды. Бұған көңіл бөлудің қажеті жоқ. Сақал өсіргеннен жақсы ойнап кетпейсің. Сақалың барма жоқ па аса қатты айырмашылық жоқ.
- Көптеген мамандар «Барысты» сәтсіз ойнайды деді. Осыған қаншалықты көңіл бөлесіздер?
- Бұған қатты көңіл бөлудің қажеті жоқ.
- Өз алаңдарыңыздағы кездесулер алдында көңіл күйлеріңіз қалай? «Магниткаға» қалай қарсы тұрасыздар?
- Қазір елге ораламыз. Видео қараймыз. Ойынды талдаймыз. Бапкер бізге ары қарай қалай ойнау керектігін айтады. Жанкүйерлердің қолдауы болса басқа ойын болады.
- Жанкүйерлер қолдауы болды емес пе?
- Бізді он мың жанкүйер қолдайды. Тек жеңіске ойнаймыз.