«Барыс» Гагарин кубогының 1/4 финалы аясында «Металлургке» қарсы екінші кездесуін өткізді.

Бірінші кезеңде 1:0 есебімен алға шыққан магнитогорсктықтар, екінші периодта 1:3 есебімен есе жіберді. Ал, үшінші айналымда астаналықтар бір шайба айырмашылығымен жеңіліп, таразы басы теңесті.

Овертаймда Ярослав Косов астаналықтардың қақпасына шешуші шайбаны лақтырып, жеңісті жұлып әкетті.

Естеріңізге сала кетейін, бірінші ойында Эдуард Занковец шәкірттері 4:0 есебімен жеңіліп қалған болатын.

«Металлург Мг» - «Барыс» - 4:4

Шайбалар: Данис Зарипов 4’, 41’, 48’, Виктор Антипин 31', Ярослав Косов 69 – Роман Старченко 21’, Найджел Доус 57’, 33’, Мартен Сен-Пьер 33’

Төрешілер: Сергей Беляев, Сергей Гусев