Қызылорда қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан ел чемпионатында Илья Ильин атындағы арнайы кубок пен сыйлық өз иесін тапты.

Облыстық спорт басқармасы мен Қызылорда әкімшілігі Илия Ильин атындағы кубок пен арнай сеотификатты 105 кг салмақта жеңіске жеткен Рүстем Сыбаевқа табыстады.

Айта кетейік, қызылордалық ауыр атлеттер Рүстем Сыбаев пен Асем Садықова 10-15 сәуір аралығында Ашхабадта өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.