Алматылық клубтың бас бапкері ойын қорытындысын шығарды:

- Ең алдымен өзімнің командам мен жанкүйерлерді жеңіспен құттықтағым келеді. Ойын алдында мен ойыншыларға жанкүйерлердің үмітін ақтау керекпіз деп айттым. Бұл - жақсы нәтиже. Ойынға келсек, бірінші таймда допқа ие бола алмадық. Екінші таймда бұл көрсеткіш өзгерді деп айта аламын. Сонымен қатар, бірнеше рет қақпаны аман сақтап қала алған Плотникавты да айта кетуіміз керек.

- Екінші таймда ойын тактикасы өзгерді ме?

- Жоқ, біз ештеңе өзгертпедік. Өз тактикамызды ұстанып, допқа көп иелік етуге тырыстық.

- Команданың жаңа ойыншылары Елдос Ахметов пен Иво Иличевич жайлы не айтасыз?

- Елдос үшін қуаныштымын. Ол жақсы деңгейдегі ойын көрсетті. Ал Ивоға келсек, бұл ойыншының болашағы бар екені көрініп тұр.

- Иличевич пен Аршавин арасында бәсекелестік бола ма?

- Бәсекелестік болса, мен тек қуанамын. Маусым ұзаққа созылады. Барлық ойыншы маңызды. Бізге бір-біріне бәсекелес бола алатын ойыншылар керек.