«Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Александр Бородюк Қазақстан құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін.

Бейресми апқаратқа сүйенсек, қазіргі таңда 54 жастағы ресейлік маман Қазақстан футбол Федерациясымен келіссөздер жүргізуде.

Естеріңізге сала кетсек, бұның алдында БАҚ Бородюк Беларусь құрамасын баптайды деген ақпарат таратқан болатын.

Айта кетер жайт, былтырғы маусымның алдында ресейлік бас бапкер «Қайратты» жаттықтырған еді. Тіпті алматылық клубпен бірге ел Суперкубогын иеленді. Бірақ артынша Қазақстан чемпионатындағы сәтсіз нәтижелерден кейін өз қызметін босатты.