Чехияның футбол лигасында «Богемианс 1905» және «Словацко» клубтарының матчы кезінде оқыс оқиға болды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Кездесудің 30-минутында «Богемианс 1905» командасының қақпашысы Мартин Берковец командаласы Даниэл Крхпен соқтығысып, тілі өңешіне қарай тартылып, есінен танып қалған. «Словацко» клубының форварды қарсылас қақпашысының өміріне алғашқы жәрдемімен араша түсті. Берковец тұншығып, өліп кетуі мүмкін еді, алайда Франсис Коне оған дер кезінде көмектесіп үлгерді. Алғашқы көмектен соң жедел жәрдем қызметкерлері Берковецті ауруханаға жеткізді. Қазір оның жағдайы жақсы деп бағаланды.